Рухани Иран халқын баһман айының жиырма екісі күнгі шерулерге қатысуға шақырды
ИИР президенті Иран халқын баһман айының жиырма екісі күнгі шерулерге ауқымды түрде қатысуға шақырды.
ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Сот билігінің төрағасы аятолла Садеқ Амоли Лариджани және заң шығарушы биліктің төрағасы Әли Лариджанимен ортақ отырыстан кейін тілшілерге берген сұхбатында: "Иран халқы тәуелсіздік пен ұлттық егемендіктің дұрыс жолын ислам революциясының саясында жалғастыруды дұрыс деп санайды. Жыл сайын баһман айының жиырма екісі күнгі шерулерге ауқымды түрде қатысу арқылы осы мәселені растайды. Исламдық Иранның халқы баһман айының жиырма екісі күнгі шерулерге ауқымды түрде қатысып, Ислам революциясы, имам Хомейни мен Ислам революциясының қазіргі жетекшісімен ажырамас байланыста екенін көрсетеді" деді.
Сонымен қатар аятолла Садеқ Амоли Лариджани үш биліктің басшыларының ортақ отырысынан кейін тілшілер жиынында: "ИИР-ның дұшпандары Иран халқы мен басшылары арасында пікір келіспеушіліктері болған күннің өзінде ұлттық қауіпсіздік, ұлттық мүдделер мен Иранға қатысты жалпы мәселелерде барлық биліктердің ауызбірлікте екенін білсін" деді.
Әли Лариджани да үш билік басшыларының отырысы аяқталғаннан кейін халықтың құзырының негізсіз сөздерге берілген жауап екенін қуаттады. Иран мәжілісінің төрағасы ИИР-ның қазіргі кездегі халықаралық сахнадағы жақсы жағдайына тоқталып: "Иран туралы айтылған кейбір сөздер ИИР-ның әлемдік деңгейдегі іс-әрекеттерінің парасаттылықпен әрі мұқият түрде жүзеге асырылатынын көрсетеді. Сол себепті олар жаңа жоспарларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл отырыста да осындай әрекеттерге қатысты бағдарламар мен жобалар қарастырылды" деді.