Шеруге халықтың миллиондап қатысуы – Ақ Үйдің жаңа басшыларының бұрыс сөздеріне берілген жауап
Иран президенті исламдық Иран халқының мемлекет деңгейіндегі миллиондық шеруін Иранның ұлттық айбындылығын көрсетеді деп бағалап: «Иран халқы 22-ші баһман шерулеріне жаппай қатысуымен Иран халқымен құрмет тілімен сөйлесу керектігін әлемге жар салады» деді.
ИСНА-ның хабарлауынша, Иран президенті худжат ул-ислам уа ал-муслимин Хасан Рухани жұма күні Теһран халқының салтанатты шеруі барысында тілшілер алдында халықтың мемлекет деңгейінде осы рәсімге миллиондап қатысуына алғыс айтып: «Халық өздерінің жаппай қатысуымен әлем жұртшылығына революцияның тірі екенін және өздерінің асқақ мақсаттарына қарай әрекет ететінін көрсетті.
Рухани халықтың биылғы 10-шы ақпан шеруіне қатысуының ерекше үндеуге ие екенін айтып: «Осы құзыр Ақ Үйдің жаңа басшыларының бұрыс сөздерінің жауабы болып табылады. Халық өз құзырымен Иран халқымен қүрметпен сөйлеу керектігін, зорлық пен қоқан-лоққы жасамау қажеттігін әлемге жар салады.
Иран халқы өткен 38 жыл бойында осы ұлтқа кім қоқан-лоққы жасаса, соларға Иран халқының оларды өкіндіретінін көрсетті. Ислам революциясы тірі және өзінің асқақ бағытын бұрынғыдан сергектеу жалғастырады» деді.