Рухани: Иран халқының қоқан-лоққыларға жауабы кесімді болады
ИИР Президенті Хасан Рухани: «Иран халқы ешқашан ислам революциясын қолдаудан, имам Хомейни (р.) мен Ислам революциясы жетекшісінің арман-мақсаттарын орындау жолынан таймайды»,-деді.
Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы тілшісінің хабарлауы бойынша, ИИР Президенті жұма күні Теһранның «Азади» алаңында 22 баһман шеруінде сөз сөйлеп: «Ислам революциясы Иран тарихындағы маңызды бетбұрыс нүктесі болды. Бұл оқиға елді бөгделер мен АҚШ-қа бағыныштылықтан босатып, халықтың тағдырын олардың өз қолына берді»,-деді.
Кейбір аймақтық елдер мен АҚШ-та билікті қолға алған жаңа адамдар Иран халқымен тек құрметпен ғана сөйлесуге болатынын білсін»,-деп қуаттады.
Рухани Иран халқының қоқан-лоққыларға жауабының кесімді екенін айтып: «Иран үкіметі мен қарулы күштеріне қоқан-лоққы жасайтын адамдар Иран халқының тарихтағы ең маңызды оқиғаларда өздерін табандылық, күш-қуат, қырағылық және қисынмен көрсеткенін білсін»,-деп баса айтты.
Иран Президенті исламдық республиканың ешқашан текетіресті көздемегенін және көздемейтінін айтып: «Жамандық тілеушілер исламдық Ираннан дәмеленіп, оны бұзудан бас тартсын, өйткені Иран – құдіретті ел, ешбір адам оған жамандық жасай алмайды»,-деп қуаттады.