Франция Иранда қатерлі ісікке қарсы дәрі өндіру кешенін іске қосуға атсалысады
(last modified Sun, 12 Feb 2017 16:45:58 GMT )
Ақп 12, 2017 22:45 Asia/Almaty
  • Франция Иранда қатерлі ісікке қарсы дәрі өндіру кешенін іске қосуға атсалысады

Иранның "Darlan Daru" компаниясы мен Францияның "ISPEN" компаниясы Иранда қатерлі ісікке қарсы диферилин (Decapeptyl diphereline triptorelin) дәрісін өндіру кешенін іске қосады.

Иранның "Darlan Daru" компаниясының құрылыс амалдарын бастау рәсімі жексенбі күні Францияның "ISPEN" компаниясымен  диферилин (Decapeptyl diphereline triptorelin) дәрісін өндіру үшін ортақ келісімшарттың тұсауын кесу арқылы Теһранның шығысындағы "Пардис" технопаркінің форумдар орталығында өтті.

Диферилин дәрісі простатит қатерлі ісігін емдеу үшін қолданылады.

Францияның "ISPEN" компаниясының инвестиция салу меморандумында дәрі өндірумен қоса техникалық білімді Иранға жеткізу тақырыбы қуатталған.

Осы дәрі-дәрмек жасау кешені Еуропаның "GMP" стандарттары бойынша салынады. Диферелин дәрісінің Иранда өндірілуімен аймақта оннан астам елдің қажеттіліктері қамтамасыз етілетін болады.

 

 

Тегтер