Рухани Иран мен Молдова қарым-қатынастарының дамуын қуаттады
ИИР президенті Молдова Республикасының президентімен кездесуінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін барлық потенциалдар мен мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажеттігін қуаттады.
ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Молдова президенті Игорь Додонмен Теһранда кездесуінде: «Иран мен Молдова көптеген, соның ішінде туризм, ауыл шаруашылығы, көлік және транзит салаларында жақсы ынтымақтастық жасай алады»,- деп мәлімдеді.
Рухани екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастықтарының кеңеюін маңызды деп атап: «Иран өзінің мұнай, газ және газ конденсаты өндірісіндегі потециалының арқасында Молдованың осы саладағы қажеттіліктерінің маңызды бөлігін қамтамасыз ете алады»,- деді.
Кездесу барысында Молдова президенті Игорь Додон Иранды көне тарихы мен бірнеше мыңжылдық өркениеті бар ірі мемлекет деп атап: «Экономика, сауда және инвестиция салаларындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін Иран мен Молдовадағы көптеген ынтымақтастық потенциалдарын пайдаланған жөн»,- деді.
Сонымен қатар Додон Хасан Руханиді ресми кездесу үшін Молдоваға шақырып, Теһран мен Кишинев арасындағы түрлі салалардағы, соның ішінде көлік, транзит, энергетика, экономика және банк ынтымақтастығы салаларындағы ынтымақтастықтарын дамытуға мүдделік танытты.