Лариджани: Америка Иранның әлеуетінен қорқады
(last modified Mon, 13 Feb 2017 16:42:20 GMT )
Ақп 13, 2017 22:42 Asia/Almaty
  • Лариджани: Америка Иранның әлеуетінен қорқады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: «Америкалықтар Иранның әлеуеті мен ядролық келісімнен кейінгі аймақтың мүмкіндіктерінің артуынан қорқады» деді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні кешке Құм қаласында телеарнаға берген сұхбатында америкалықтардың Иранмен қарсыласудағы мақсатын тек ядролық тақырып қана емес деп атап: «Американың мәселесі тек Иранмен ғана шектелмей, көптеген елдерді қамтиды» деді.

Лариджани билік басына жаңа үкімет келгеннен кейін Америка мен өзге елдер арасында қалыптасқан қиыншылықтарды осы елдің ішкі мәселелерінен туындап отыр деп бағалап: «АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп виза бермеу және Еуропалық Одақпен текетірес сияқты теріс әрекеттерімен осы елдің ішкі қиыншылықтарын шешуге талпынуда» деді.

Иран мәжілісінің төрағасы Иранның соңғы 38 жылда халықаралық деңгейде түрлі әрекеттерді бастан өткергенін мәлімдеп: «Теһран әртүрлі мәселелерге қатысты жағдайға сәйкес тиісті шешім қабылдайды. Дұшпан Иранға соққы беру үшін кейде сұғанақтық әрекеттерге барғанымен Иран ислам республикасы ядролық тақырыпты мұқият қарастырады» деді.