Рухани: Халықтың сайлауға жаппай қатысуы әлемдіктерге елдің қоғамдық қорын көрсетті
https://itolqyn.com/news/iran-i2431
ИИР Президенті халықтың ақпанның жиырма алтысы күні өткен сайлауларға жаппай қатысуы және сол шараның сындарлы өтуімен құттықтап: «Халықтың сайлауға бірауыздан және қырағы түрде қатысуы әлемдіктерге елдің күш-қуаты мен қоғамдық қорын көрсетті»,- деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 09, 2016 15:56 Asia/Almaty
  • Рухани: Халықтың сайлауға  жаппай қатысуы әлемдіктерге елдің қоғамдық қорын көрсетті

ИИР Президенті халықтың ақпанның жиырма алтысы күні өткен сайлауларға жаппай қатысуы және сол шараның сындарлы өтуімен құттықтап: «Халықтың сайлауға бірауыздан және қырағы түрде қатысуы әлемдіктерге елдің күш-қуаты мен қоғамдық қорын көрсетті»,- деп қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні кешке Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында өткен 37 жылдың ішінде сайлаулардың үзіліссіз өткізілуін Ислам республикасының мақтан тұтатын мәселесі деп атап: «Аймақ тынышсыздық пен бейберекеттіктерге шырмалып отырған жағдайда елдің түкпір-түкпірінде қауіпсіз сайлаудың өтуі мемлекеттің әскери, қауіпсіздік және полиция күштерінің мүмкіндіктерінің белгісі»,- деді. Рухани отырыста Эксперттер Мәжілісінің, Ішкі істер министрлігінің мүшелері мен бақылаушы және атқарушы органдарға, облыс әкімдері мен жергілікті басшыларға, әскери және полиция күштеріне, сонымен бірге саяси және қоғамдық топтар мен ақпарат құралдарына ақпанның жиырма алтысы күнгі сайлауды сындарлы, заңды әрі қауіпсіз кеңістікте өткізуге жағдай жасағандары үшін алғыс айтты.