Теһранда халықаралық көлік көрмесі өз жұмысын бастады
https://itolqyn.com/news/iran-i24322-Теһранда_халықаралық_көлік_көрмесі_өз_жұмысын_бастады
Халықаралық көлік көрмесі арада 12 жыл өткен соң Теһранның "Шаһре Афтаб" халықаралық көрмелер кешенінде ашылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 14, 2017 21:57 Asia/Almaty
  • Теһранда халықаралық көлік көрмесі өз жұмысын бастады

Халықаралық көлік көрмесі арада 12 жыл өткен соң Теһранның "Шаһре Афтаб" халықаралық көрмелер кешенінде ашылды.

Теһранда өтіп жатқан халықаралық көлік көрмесіне Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Түркия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Испания, Италия және Тайвань елдерінен 200-ден астам ірі көлік өндіруші компания қатысуда. Отандық және шетелдік инвестицияны тарту, Иранға көлік жасау өнеркәсібі технологияларын енгізуге жағдай жасау осы көрменің мақсаттарына жатады.