Ақ үй: Иранның зымырандық сынағы ядролық келісімді бұзбайды
https://itolqyn.com/news/iran-i2434-Ақ_үй_Иранның_зымырандық_сынағы_ядролық_келісімді_бұзбайды
Ақ үй Иранның зымырандық сынағының Иран мен «алтылық» тобы арасындағы ядролық келісімді бұзбайтынын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 09, 2016 16:07 Asia/Almaty
  • Ақ үй: Иранның зымырандық сынағы ядролық келісімді бұзбайды

Ақ үй Иранның зымырандық сынағының Иран мен «алтылық» тобы арасындағы ядролық келісімді бұзбайтынын мәлімдеді.

Пресс ТВ-дің мәліметі бойынша, Ақ үйдің баспасөз хатшысы сейсенбі күнгі баспасөз отырысында: «Иранның баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуі ядролық келісімді бұзбайды. Вашингтон оған орынды жауап қайтару үшін зерттеулер жүргізуде. Ақ үй Иранның зымырандық сынағы туралы мәселені БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде қарастыру қажет пе немесе қарастырмау керек пе деген мәселені қарастырып жатыр»,- деді.

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы Мұхаммад Әли Джафари осы мәселе туралы айтқан сөзінде Иран басшыларының зымырандық күшті арттыруды жүйенің қызыл сызығы санайтындықтарына тоқталып: «Біздің дұшпандарымыз санкциялар мен қауіпсіздік саласындағы қысымдардың біздің мүмкіндіктерімізді арттыруға әсер етпегенін түсінді. Сондықтан экономикалық санкциялар салып, бізге зымырандық салада шектеу қоймақ»,- деп мәлімдеді.