Рухани: Иран Түркіменстанмен тиімді әріптестік жасауға әзір
https://itolqyn.com/news/iran-i24360
ИИР президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовке қайтадан Түркіменстанның президенті болып сайлануына орай жолдаған құттықтау хатында Теһранның Ашхабадпен түрлі салалар бойынша тиімді әріптестіктерді кеңейтуге әзірлігін мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 15, 2017 14:33 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Түркіменстанмен тиімді әріптестік жасауға әзір

ИИР президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовке қайтадан Түркіменстанның президенті болып сайлануына орай жолдаған құттықтау хатында Теһранның Ашхабадпен түрлі салалар бойынша тиімді әріптестіктерді кеңейтуге әзірлігін мәлімдеді.

ИИР президенті Хасан Руханидің сейсенбі күні Құрбанқұлы Бердімұхаммедовке жолдаған хатында ИИР-ның көршілес ел Түркіменстанды өзінің аймақтағы серіктесі әрі досы деп санайтыны қуатталған.

Рухани осы жолдауында Бердімұхаммедовтың Түркіменстандағы жаңа прзиденттік кезеңінде екі ел  байланыстарының ортақ мүдделер және өзара құрмет шеңберінде бұрынғыдан бетер кеңейе түсетіндігіне сенім білдірді.

Иран президенті өз жолдауында Түркіменстан үкіметі мен халқына табыс, бақуаттылық пен өркендеу тіледі.

Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Түркіменстанның ақпан айының он екісі күні өткен президенттік сайлауында 97,69 пайыз дауыс жинап, осы елдің президенті болып сайланды.