Ақп 16, 2017 08:37 Asia/Almaty

Иран мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комиссиясының ақпарат хатшысы: «"Ортақ қадам" келісімінің орындалуын қадағалау штабы басшысының айтуынша, "Ортақ қадам" келісімі орындалғаннан кейін Иранға қарсы санкциялар алынып, Иранның мақсаттары жүзеге асты» деді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иран мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік комиссиясының төтенше отырысы сәрсенбі күні Иран СІМ-нің төртінші есебін қарастыру мақсатында "Ортақ қадам" келісімінің орындалуын қадағалау штабының басшысы сейіт Аббас Арақчидің қатысуымен өтті.

Иран мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының ақпарат хатшысы сейіт Хосейн Нағави Хосейни сәрсенбі күні осы комиссияның төтенше отырысын баяндауда: «"Ортақ қадам" келісімінің орындалуын қадағалау штабының басшысы Аббас Арақчи "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасының орындалуының жағдайын жақсы деп сипаттады.

"Ортақ қадам" келісімі бойынша санкциялар алынып, оның іс жүзіндегі әсерлері энергия, тасымалдау салаларынан байқалуда.

Американың алғашқы санкциялары Иранның банк және қаржы бөлімінің санкцияларға дейінгі кезге оралуына кедергі болып отыр.

Америка Иранға үрке қарауды өрістетуді мақсат етуде, алайда ислам республикасы Иранға үрке қараудың басым бөлігін залалсыздандырды» деді.

 

 

Тегтер