Иран Пәкістанның Лахур қаласында орын алған лаңкестік әрекетті айыптады
https://itolqyn.com/news/iran-i24416
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Пәкістанның Лахур қаласында орын алған лаңкестік әрекетті айыптады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 17, 2017 20:13 Asia/Almaty
  • Иран Пәкістанның Лахур қаласында орын алған лаңкестік әрекетті айыптады

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Пәкістанның Лахур қаласында орын алған лаңкестік әрекетті айыптады.

Бахрам Ғасеми көрші ел Пәкістан үкіметі мен халқына, әсіресе лаңкестік оқиғада құрбан болғандар мен олардың туған-туыстарына көңіл айтып: «Лаңкестік топтар осындай адамгершілікке жат айуандық әрекеттер жасау арқылы лаңкестік пен оның тамырларымен күресуге бағытталған аймақтық  халықтардың ерік-жігерін нысанаға алуды көздейді. ИИР әрдайым лаңкестікпен күресте Пәкістан үкіметі мен халқының қасынан табылады»,-деп баса айтты.  Бейсенбі күні Пәкістанның Сенд штатында бір діни орталыққа жасалған лаңкестік шабуылда 72 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.