Иран Пәкістанның Лахур қаласында орын алған лаңкестік әрекетті айыптады
Ақп 17, 2017 20:13 Asia/Almaty
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Пәкістанның Лахур қаласында орын алған лаңкестік әрекетті айыптады.
Бахрам Ғасеми көрші ел Пәкістан үкіметі мен халқына, әсіресе лаңкестік оқиғада құрбан болғандар мен олардың туған-туыстарына көңіл айтып: «Лаңкестік топтар осындай адамгершілікке жат айуандық әрекеттер жасау арқылы лаңкестік пен оның тамырларымен күресуге бағытталған аймақтық халықтардың ерік-жігерін нысанаға алуды көздейді. ИИР әрдайым лаңкестікпен күресте Пәкістан үкіметі мен халқының қасынан табылады»,-деп баса айтты. Бейсенбі күні Пәкістанның Сенд штатында бір діни орталыққа жасалған лаңкестік шабуылда 72 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.
Тегтер