Зариф АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысымен кездеспейді
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран Сыртқы істер министрі мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының Германиядағы Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы аясында кездесетіні туралы жарияланған хабарларға реакция білдіріп, мұндай кездесудің жоспарланбағанын айтты.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сенбі күні Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА-ға берген сұхбатында: "Иран АҚШ-пен ешқандай байланыс орнатқан жоқ. Сол себепті ешқандай келіссөз өткізілмейді. Иран ядролық мәселе мен "Ортақ қадам" бағдарламасы туралы бұдан былай ешқандай келіссөз өткізбейтінін бірнеше рет жариялаған болатын. Тек техникалық мәселелер жөнінде Атом қуаты халықаралық агенттігімен ғана байланыс орнатылады" деді.
Иранның Сыртқы істер министрі осы уақытқа дейін Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы аясында Оманның Сыртқы істер министрі Юсуф бен Алави, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглу, Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини, БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан Ди Мистура, Ирактың Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзани және БҰҰ-ның аға қайраткерлерімен кездесіп, сұхбаттасты.