Президент қоршаған ортаны қорғауды қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i2449-Президент_қоршаған_ортаны_қорғауды_қуаттады
ИИР президенті қоршаған ортаны қорғауды қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 09, 2016 20:43 Asia/Almaty
  • Президент қоршаған ортаны қорғауды қуаттады

ИИР президенті қоршаған ортаны қорғауды қуаттады.

ИИР президенті Хасан Рухани бүгін сәрсенбі күні табиғи байлықтар апталығымен тұспа-тұс көшет отырғызған соң бұқара жұртшылықты қоршаған ортаны қорғау және жасыл кеңістікті кеңейту үлкен қозғалысы бағытында талпыныс жасауға шақырып, мәдени істерді күшейту және қоршаған ортаның маңыздылығы мен мәртебесі туралы мәдениет қалыптастыру, сондай-ақ жасыл кеңістікті қорғаудың қажеттілігінің Иранның жас және жасөспірім буыны үшін зор маңызға ие екендігін қуаттады. Хасан Рухани үкіметтің отырысынан кейін өткен осы рәсімде ағаш егуді қоршаған ортаны қорғаудың белгісі деп атап, ормандарға, табиғатқа және экологияға кесірін тигізушілерге батыл қатынас көрсету қажеттігін баса айтты.

Хасан Рухани сондай- ақ үкіметтің отырысында ирандық қаһармандар мен спортшылардың алдағы олимпиадаға айбынмен қатысып, жеңіске қол жеткізуін және ұлттық командалардың әлемдік алаңдарға қатысуын маңызды ұлттық мақсаттар мен талаптар деп атап, жалпыхалықтық және чемпиондық спортты күшейту ісінің үкіметтің басты бағдарларын құрайтынын қуаттады.