Лариджани: Иранның ұстанымы – Корея түбегінде тыныштық орнату
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы ИИР ұстанымының Таяу Шығыс пен Корея түбегінде тыныштық орнату екендігін айтып: «Бұл салада Иран әрдайым АҚШ-тың арандатушы әрекеттеріне қарсы»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани жексенбі күні кешке Теһранда Солтүстік Кореяның Жоғары халық ассамблеясының төрағасы Чао Таи Букпен кездесіп, Теһранның әрдайым Солтүстік Кореямен қарым-қатынасының баянды болуын қалайтынын айтып, бұл елдің делегациясының Теһранға сапармен келіп, Палестина халқын қолдау конференциясына қатысқанына алғыс білдірді.
Лариджани америкалықтардың үнемі тәуелсіз елдерге қысым жасап, әлемнің әртүрлі аймақтарында бейберекеттік орнатуды көздейтінін айтып: «Вашингтон Ирак пен Сириядағы лаңкестік топтарды қолдау арқылы аймақта бейберекеттікті арттыруды мақсат тұтып отыр»,-деді.
Солтүстік Кореяның Жоғары халық ассамблеясының төрағасы Чао Таи Бук те Палестина халқын қолдау халықаралық конференциясын сәтті деп бағалап: «Иран Палестина халқы, Қосылмау қозғалысы, Сирия мен даму үстіндегі елдерді қолдауда маңызды рөл атқарады.
Солтүстік Корея әрдайым солтүстік және оңтүстік Кореялар арасында бірліктің болуын қалайды, алайда америкалықтардың Корея түбегінде орналасуы осы мақсаттың орындалуына кедергі болып отыр»,-деді.