«Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.)» әскери жаттығуларында смарт ракеталар сынақтан сәтті өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i24532-Ұлық_Пайғамбар_(с.ғ.с.)_әскери_жаттығуларында_смарт_ракеталар_сынақтан_сәтті_өтті
Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштерінің бас қолбасшысы генерал Мохаммад Пакпур «Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.)» атты 11-ші қорғаныстық және қауіпсіздік жаттығуларының өткізілуінің басында тілшілерге берген сұхбатта: «Жаттығулар барысында смарт ракеталар ұшырылып, сынақтан сәтті өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 21, 2017 08:48 Asia/Almaty
  • «Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.)» әскери жаттығуларында смарт ракеталар сынақтан сәтті өтті

Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштерінің бас қолбасшысы генерал Мохаммад Пакпур «Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.)» атты 11-ші қорғаныстық және қауіпсіздік жаттығуларының өткізілуінің басында тілшілерге берген сұхбатта: «Жаттығулар барысында смарт ракеталар ұшырылып, сынақтан сәтті өтті.

Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.)» атындағы 11-ші қорғаныстық және қауіпсіздік жаттығуларында ракеталарды ұшыру мен алысқа ататын артиллерия снарядтарын атудағы мақсат артиллерияның оқу-жаттығуларын қамтитын әскери жаттығулардың тиімділігін сынақтан өткізу болып табылады. Оқу-жаттығуларды ұйымдастырудың мақсаты Сақшылар корпусының құрлық әскерлерін қауіп-қатерлерге қарсы дайындау болып табылады»,- деді.