Ақп 21, 2017 12:55 Asia/Almaty
  • Теһрандағы Түркия елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

ИИР Сыртқы істер министрлігі Түркия басшыларының Иранға қарсы сындарсыз мәлімдемелерінен кейін Түркияның Теһрандағы елшісін шақыртты.

Теһрандағы Түркия елшісі Реза Хакан Текинді дүйсенбі күні Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Тынық мұхит істері жөніндегі орынбасары Ибрахим Рахимпур Сыртқы істер министрлігіне шақыртып, оған Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанның Біріккен Араб Әмірлігі, Қатар және Сауд Арабиясы сапарындағы, сонымен бірге Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлының Мюнхендегі 43-ші қауіпсіздік конференциясындағы сындарсыз сөздеріне наразылық білдірді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күнгі баспасөз отырысында Түркия басшыларының Иранға қарсы уәждері туралы: «Түркия басшыларының өз кінәларын өзгеге арту мақсатындағы ашумен айтқан сөздері бұл елдің қате саясаттарының салдары болып табылады» деді.

Түркия Президенті мен Сыртқы істер министрі  Иранға қарсы негізсіз уәждерінде  Теһранды аймақ елдерінің істеріне араласып, аймақта тұрақсыздық тудырып отыр деп айыптады.

 

 

Тегтер