Палестинаны зұлымдықпен жаулап алу – тарихтың былғаныш парақтары
(last modified Tue, 21 Feb 2017 17:46:23 GMT )
Ақп 21, 2017 23:46 Asia/Almaty
  • Палестинаны зұлымдықпен жаулап алу – тарихтың былғаныш парақтары

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи: «Палестинаның мұңға толы хикаясы мен осы сабырлы, ұстамды әрі қайсар ұлттың жантүршіктірерлік мазлұмдығы әрбір бостандықсүйгіш, хақсүйгіш және әділетсүйгіш адамды мазалайды» деп баса айтты.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сейсенбі күні Теһранда Палестина интифазасына қолдау көрсету жөніндегі алтыншы конференцияның басталу рәсімінде: «Палестина халқын  жабайылықпен басып-жаншу, жаппай ұстаулар, өлтіру мен тонау, жерлерін жаулап алып, сол жерлерде қалашықтар салу, АҚШ пен кейбір Батыс үкіметтерінің сионистік режимді жан-жақты қолдауымен қасиетті Құдс қаласы мен "әл- Ақса" мешіті мен тағы басқа исламдық қасиетті мекендердің шырайы мен болмысын өзгертуге ұмтылуы өкінішке орай, әлемдік деңгейде тиісті реакцияға тап болмай жалғасып жатыр. Палестина халқының мойнына Құдай Тағала осы қасиетті өлке мен "әл- Ақса" мешітін қорғаудың ұлы  миссиясын артып отыр.

Тарихқа парасаттылықпен шолу жасау ешбір дәуірде әлемдегі ешбір халықтың осындай қаиғы-қасірет пен зұлым жағдайға тап болмағанын, аймақтан тыс астыртын әрекетпен елінің толығымен жаулап алынып, халықтың өз үйі мен баспанасынан қуылып, олардың орнына әлемнің жер- жерінен бөгде бір топтың сол жерге аттандырылып, шын болмыстың елеп ескерілмей, оның орнына жасанды болмыстың отырғызылғанын көрсетеді. Бірақ бұл да тарихтың таза емес парақтарының біріне жатады. Бұлар да Алла Тағаланың қалауы және жәрдемімен жабылатын болады.

Осы конференция әлемдік және аймақтық ең қиын жағдайлардың бірінде өткізіліп жатыр. Әлемдік астыртын әрекетке қарсы күресте әрдайым Палестина халқына демеуші болған біздің аймақ бұл күндері түрлі мазасыздық пен дағдарыстарға тап болып отыр.

Аймақтағы бірнеше ислам мемлекетіндегі дағдарыстар Палестина мәселесі мен Құдстың арманын қолдаудың бояуының солғындауына себеп болып отыр. Осы дағдарыстардың нәтижелеріне назар аудару бізге одан қай алпауыт елдердің пайда көретінін ұғындырады. Олар ұзақ мерзімді қақтығысты таңу арқылы аймақта тұрақтылықтың орнауы мен  ілгерілеушілікке кедергі келтіру үшін осы аймақта сионистік режимді қалыптастырды. 

Ислам елдерінің кейбіреулерінің табиғи, енді біреулерінің дұшпанның астыртын әрекеттерінің, келесі біреулерінің ғапылдықтан туындап отырған келіспеушіліктеріне қарамастан, Палестина тақырыбы одан әрі олардың барлығының бірлік- ынтымағының өзегі болуы керек» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи осы бағалы отырыстың бір жетістігін ислам әлемі мен әлемдегі бостандықсүйгіштердің бірінші басты бағдарын, яғни Палестина мәселесін талқылау мен Палестина халқы және олардың хақ пен әділет талап ететін күрестерін қолдаудың асқақ мақсатын жүзеге асыру үшін тілеулестік кеңістігін қалыптастыру деп атады.