Ливан мен Малайзияның Парламент төрағалары Иран президентімен кездесті
https://itolqyn.com/news/iran-i24588
Палестина интифазасын қолдау конференциясына қатысу үшін Теһранға сапармен келген қонақтардың көбісі, соның ішінде Малайзия мен Ливанның Парламент төрағалары Иран президентімен кездесті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 22, 2017 22:30 Asia/Almaty
  • Ливан мен Малайзияның Парламент төрағалары Иран президентімен кездесті

Палестина интифазасын қолдау конференциясына қатысу үшін Теһранға сапармен келген қонақтардың көбісі, соның ішінде Малайзия мен Ливанның Парламент төрағалары Иран президентімен кездесті.

Иран президенті Рухани мырза Малайзия Парламентінің төрағасын қабылдауда Теһран мен Куала-Лумпурдың қос жақты байланыстарын күшейтудің маңыздылығына сілтеме жасап: «Ынтымақтастықтың барлық мүмкіндіктерінің белсенділендіруімен екі елдің байланысын кеңейтуде жаңа өзгерістер мен жақсырақ жағдайға куә болатындығымызға үміттенеміз» деді.

Малайзия Парламентінің төрағасы Пандикар Амин Мулиа да осы кездесуде Малайзияның Палестинаны қолдайтынын қуаттап, осы конференцияның Палестина халқының құқығын қолдауда әсерлі болуына үміт білдірді. Малайзия Парламентінің төрағасы Палестина мәселесін ислам үмбеті үшін зор маңызға ие деп бағалап, ислам әлемінің мәселелерін шешуде екі елдің көбірек ынтымақтастық жасауы қажеттігін қуаттады.

Иран президенті Ливан Парламентінің төрағасы Набих Берриді қабылдауында да екі елдің байланыстарын көбірек кеңейту керектігін баса айтты.