«Палестина интифазасын қолдау» атты халықаралық конференцияның қорытынды мәлімдемесі жарияланды
«Палестина халқының интифазасын қолдау» атты халықаралық конференцияның қорытынды мәлімдемесінде Палестина мәселесін ислам әлемі мен араб елдері, сондай-ақ, әлемдік қауымдастықтың қоғамдық пікірі және осы жердің толық азат етілуін қалайтын дос әрі одақтас күштердің басым бағыты ретінде сақтау қажеттігі қуатталды.
«Палестина интифазасын қолдау» атты алтыншы халықаралық конференцияға қатысушылар сәрсенбі күнгі қорытынды мәлімдемеде Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің осы конференциядағы баяндамасына алғыс айтып: «Палестина халқы бірігіп, қарсыласуды осы халықтың заңды құқықтарын орындаудың жалғыз жолы ретінде қабылдауы қажет. Бұл жолдың сәттілігі Ливанның оңтүстігі мен Газа секторын азат етуде және дұшпанның ашкөздігіне қарсы тежеуші күш көрсетуде дәлелденді.
Ислам үмбеті мен азаттықты талап етуші халықтардың сапы Палестинаның жапа шеккен халқына көмек көрсету үшін тұтастай бірігуі керек. Интифаза мен Палестинаның жапа шеккен халқының қарсыласуы, әсіресе қазіргі көтерілісі сионистік режимнің басқыншылығымен күресте жеміс беретін жалғыз жол болып отыр»,-деп баса айтты.
Конференцияға қатысушылар, сондай-ақ, сионистік режимнің жетпіс жылдық басқыншылығын доғаруға, теңізден өзенге дейінгі тарихи Палестина аумағының тұтастығын сақтауға және астанасы Құдс болатын Палестина үкіметін құруға талпыныстарды жалғастыра беру қажеттігін қуаттады. «Палестина халқының интифазасын қолдау» атты алтыншы халықаралық конференцияның қорытынды мәлімдемесінде әлемдік қауымдастықтан сионистік режимге қысым жасап, бұл режимнің адамгершілікке жат әрекеттерін, соның ішінде Газа секторын зұлымдықпен қоршауын тоқтатуға мәжбүрлеу талап етілді.
«Палестина халқының интифазасын қолдау» атты алтыншы халықаралық конференцияға 80-нен астам делегация мен 700 шетелдік қонақ қатысты.