Рухани Ахваз қаласын дамыту жобалары бағытындағы нысандарды аралады
https://itolqyn.com/news/iran-i24612
ИИР президенті Хузестан облысына жасаған сапарында осы облысты дамыту жобалары бағытындағы нысандарды, соның ішінде Ахваздың №2 су тазарту нысанын, электр қуатының үзілуі мен құбылуынан туындайтын шығындардың алдын алатын Ахваздың ауыз су нысандарын аралады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 23, 2017 17:57 Asia/Almaty
  • Рухани Ахваз қаласын дамыту жобалары бағытындағы нысандарды аралады

ИИР президенті Хузестан облысына жасаған сапарында осы облысты дамыту жобалары бағытындағы нысандарды, соның ішінде Ахваздың №2 су тазарту нысанын, электр қуатының үзілуі мен құбылуынан туындайтын шығындардың алдын алатын Ахваздың ауыз су нысандарын аралады.

Хасан Рухани шаң-тозаң дағдарысын қарастыру мақсатында Иранның оңтүстік- батысында орналасқан Хузестан облысына сапар шегіп, Хузестан облысына су жеткізетін дамыту жобаларын аралады.

Руханидің жарлығымен Ахваздың №2 су тазарту нысанының су жеткізілімі системасындағы жабдықтарды қажетті төтенше электрмен қамтамасыз ету генераторы пайдалануға берілді. Осыған сәйкес Ахваз қаласы, тіпті электр қуаты үзілген жағдайда да ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

ИИР президенті сондай-ақ Хузестан облысының халқы үшін қиындық тумауы мақсатында төтенше жағдайда пайдалану үшін тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету мен дайындықтың қажеттілігін қуаттады.

Шаң-тозаң топаны 2017 жылдың қаңтар айының 28-нен бері Хузестан облысын басты. Осы мәселе Хузестан облысының 11 қаласының ауыз су мен электр қуаты желілерінің қызметіне нұқсан келтірілуіне себеп болып отыр.