Салехи: Иран Қазақстаннан 950 тонна уран оксидін сатып алады
(last modified Sat, 25 Feb 2017 13:58:54 GMT )
Ақп 25, 2017 19:58 Asia/Almaty
  • Салехи: Иран Қазақстаннан 950 тонна уран оксидін сатып алады

Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Иран ислам республикасының жақын болашақта Қазақстаннан 950 тонна уран оксидін сатып алатынын хабарлады.

"Пресс ТВ" хабар арнасының мәліметі бойынша Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи: «Осы келісім үш жылдың ішінде күшіне енуі тиіс. Оның шамамен 650 тоннасы тікелей екі тиелімде екі жылдың ішінде елге әкелінсе, 300 тоннасы үшінші жылы Иранға әкелініп, "UF6" газына айналдырылып, қайтадан Қазақстанға қайтарылады. Айналдырудың қаржысы Иранға төленетін болады" деді.

Осы өтініштің "Ортақ қадам" келісімінің бірлескен комиссиясының хатшылығына жіберілгеніне сілтеме жасаған Салехи: "Алтылық" тобына мүше бес ел "алтылық" тобындағы Еуропа Одағының өкілі жауапты болып табылатын "Ортақ қадам" келісімінің бірлескен комиссиясының хатшылығына өздерінің келісетіндіктерін жазбаша түрде мәлімдеген, бірақ Ұлыбритания соңғы мезетте Америкадағы сайлау мен Таяу Шығыс мәселелеріне байланысты өз ойын өзгертті.

Біз Ұлыбританияның өзінің қорытынды мәлімдемесін жазбаша түрде жариялауын тосып отырмыз» деді.

 

 

Тегтер