Рухани: Сайлау – исламдық Иранның дұшпандарға қарсы ең үлкен әлеуеті
(last modified Sat, 25 Feb 2017 16:01:04 GMT )
Ақп 25, 2017 22:01 Asia/Almaty
  • Рухани: Сайлау – исламдық Иранның дұшпандарға қарсы ең үлкен әлеуеті

ИИР президенті сайлауды исламдық Иранның дұшпандарға қарсы ең үлкен әлеуеті деп атап, алдағы сайлаудың барлық дұшпандар үшін салтанатты да көзтартарлық бәсеке және бүкіл әлемдегі Иранның барлық достары үшін үміт ұялатушы болуына үміт білдірді.

Ирандағы 12-ші президенттік сайлау мен қалалық және ауылдық кеңестер сайлауының 5-ші шақырылымы биылғы жылдың мамыр айының он тоғызы күні өтеді.

Иран президенті Хасан Рухани сенбі күні сайлау өткізуді ұйымдастырушылардың форумында сөйлеген сөзінде Иран халқының қиыншылықтарға қарсы төзімділігінің себебін халықтың сайлауларға қатысуы мен атсалысуы және ислам республикасы жүйесінің дұшпандарың алдында тұрақтануы деп атады.

Иранның Атқарушы билігінің төрағасы сондай- ақ қауіпсіздік мәселесін аса маңызды мәселе деп бағалап: «Иран мазасыз Таяу Шығыс аймағында орналасқан, бірақ Иранның қазіргі қауіпсіздігінің негізі бірлік, тұтастық, әлеуметтік байлық және халықтық сенім болып табылады» деді.

Рухани сөзінің жалғасында Иранның ядролық әлемдік саудаға қол жеткізгеніне сілтеме жасап: «Иранның ядро саласындағы ілгерілеушілігі тоқтатылған жоқ немесе баяулатылған жоқ. Иран қазір өзінің байытылған ураны мен ауыр суды сатып, уран оксидін сатып алады» деді.

Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жарғысының жетінші тарауының қарарларының күшінің жойылуын "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасы күшіне енгізілуінің келесі бір жетістігі деп атап: «Иран әлемнің саяси тарихында алғаш рет Қауіпсіздік Кеңесі жарғысының жетінші тарауы қарарларының күшін сол қарарларды бекіткендердің қолымен жойды» деді.