Лариджани: Ирандағы демократияның жарқылын әлемге паш ету керек
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: "Халықаралық және аймақтық жағдайлар ИИР-дағы халықтың билігінің жарқылын әлемге паш етуді қажет етіп отыр",- деді.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам мәжілісі кеңесінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні Теһранда өткен сайлауды ұйымдастырушы және жүргізуші ұйымдардың съезінде халықтық діни билікке ие Иран секілді мемлекет үшін сайлауды құтты іс деп атап: "Иранның ядролық саладағы жетістіктерінен кейін кейбір халықаралық және аймақтық ойыншылар басқа жоспарлар құру арқылы Исламдық Республиканың жетістіктеріне тосқауыл қоймақ.
Иран халқының өз тағдырына үлесін қосып, шешім қабылдайтынын сезінуі саяси шаттық тудырады. Бұл қауіпсіздік саласындағы тұрақтылық пен экономикалық дамуға жағдай жасайды",- деді.