Рухани: Иран үкіметі халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға күш салады
https://itolqyn.com/news/iran-i24690
ИИР президенті Иран үкіметінің халықты емдеу және олардың денсаулық жағдайын жақсарту негізінде әсерлі қадамдар жасағанын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 26, 2017 21:39 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран үкіметі халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға күш салады

ИИР президенті Иран үкіметінің халықты емдеу және олардың денсаулық жағдайын жақсарту негізінде әсерлі қадамдар жасағанын айтты.

Иран президенті Хасан Рухани Теһранда Денсаулық сақтау ұлттық ассамблеясында сөйлеген сөзінде: «Қамсыздандырылғандарды 11 миллион адамға кеңейту мен денсаулық саласындағы жасалған шаралар Иран үкіметінің мақтаныштарына жатады» деді.

Рухани емдеуден гөрі халықтың денсаулығын сақтауды қуаттап: «Қиыншылықтарды шешу үшін барша бірігуі керек. Шәксіз, Иранды жарқын болашақ күтіп тұр» деді.

Ол Иранның даму бағытының жалғасатынын қуаттап: «Иранның денсаулық сақтау бөлімінің басшылары ауыр жауапкершілікті мойындарына алып отыр. Тамақ өнімдері бөлімінің тазалығы бақтар мен егістік алқаптарынан басталып, түзетіліп, қамтамасыз етілуі керек» деді.

Иран президенті Иранда денсаулық сақтау саласын дамыту үшін әлеммен әріптестік жасау қажеттігіне сілтеме жасап: «Иран қағидалар мен құндылықтарды сақтау арқылы әлемдегі жаңа технологияны пайдаланып, жоғары оқу орындағылар мен ирандық зерттеушілер де ілгерілеушілік бағытында әлеммен әріптестік жасауы тиіс. Денсаулық сақтау мен емдеу саласы үшін қажет инвестицияларды тартуға жағдай жасау керек» деді.