Иран Әзірбайжан республикасы мен Арменияны ұстамдылыққа шақырды
ИИР Әзірбайжан республикасы мен Арменияны ұстамдылық танытып, келіссөздер өткізуге шақырды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жексенбі күні кешке Әзірбайжан республикасы мен Армения арасында қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталғаны туралы таралған ақпараттарға сілтемес жасап: «ИИР солтүстіктегі өзінің екі көршісін ұстамдылыққа шақырып, тараптарға өздерінің барлық талпыныстарын тыныштық орнатып, қайшылықтарды бейбіт жолмен келіссөздер арқылы шешуге бағыттауға кеңес береді»,-деді.
Бахрам Ғасеми, сондай-ақ, ИИР-ның аймақта тыныштық пен қауіпсіздік орнату мақсатында екі тараппен де әріптестік жасап, көмектесуге дайын екенін жариялап: «Қарабақ дауын шешуге міндеттелген халықаралық ұйымдар мен құрылымдар осы дауды доғаруға қатысты өз міндеттерін орындамады»,-деді.
Әзірбайжан республикасы мен Армения арасындағы таулы Қарабақ аймағына қатысты қайшылық 1988 жылы басталып, 1992 жылы қарулы қақтығысқа ұласты. 1994 жылдың мамыр айында қарсыласушы тараптар арасында атысты тоқтату бітімі орнады. Алайда екі ел арасында арагідік қарулы қақтығыстар болып тұрады.