Ақп 27, 2017 20:41 Asia/Almaty
  • Асғар Фархадидің өнер туындысы мен Иран халқын қорғауы – бағалы іс

ИИР президентінің бірінші орынбасары "Сатушы" фильмін Кино өнері академиясы «Оскардың» «Шет тіліндегі үздік фильм» жүлдесі иемденуімен құттықтап, Асғар Фархадидің өнер туындысы мен Иран халқын қорғауын бағалы іс деп атады.

ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири дүйсенбі күні шетелдермен экономикалық байланыстардың үйлесімділік штабының отырысында сөйлеген сөзінде Асғар Фархади мен "Сатушы" фильмін түсірген әріптестерінің «Оскар» рәсіміне қатыспауын Америкадағы адамгершілікке жат принципсіз әрекетке қарсы Иран халқын қорғаудағы дұрыс іс деп атады.

Асғар Фархади мен "Сатушы" фильмін түсірген әріптестері АҚШ президенті Дональд Трамптың миграцияға қарсы жарлығына наразылық білдіріп, Оскар рәсіміне қатыспады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Иранның "Фараби" кино қорының атқарушы директоры Әлиреза Табеш жеке үндеулерінде "Сатушы" фильмін «Оскардың» «Шет тіліндегі үздік фильм» жүлдесін иемденуімен құттықтады.

Асғар Фархадидің туындысы "Сатушы" фильмі дүйсенбі күні таңертең Кино өнері академиясының «Оскар» жүлдесінің 89-шы рәсімінде «Шет тіліндегі үздік фильм» жүлдесін иемденді.

Бұл Фархади мен Иран киносының екінші «Оскар» жүлдесі болып табылады. Фархади 2012 жылы да "Надердің Симиннен ажырасуы" фильмі үшін осы жүлдені иемденген болатын.

 

 

Тегтер