Лариджани: Иран әрдайым Ирак пен Сирияға көмектеседі
(last modified Mon, 27 Feb 2017 15:17:36 GMT )
Ақп 27, 2017 21:17 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран әрдайым Ирак пен Сирияға көмектеседі

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Ирак пен Сирияға көмектесуді қуаттап, бұл көмектердің дінді қорғау және Иран ислам республикасының айбындылығын сақтау мақсатында атқарылатынын мәлімдеді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Теһранда ислам кеңесі мәжілісінің күзет бөлімшесінің шәһидтерін еске алудың екінші рәсімінде: «Әлемдегі қазіргі жағдайда лаңкестермен күресетін топтар бар, бірақ олардың күрестерінің негіздер діни болмағандықтан нәтижелі болмай отыр» деді.

Лариджани Иран ислам революцциясының Сақшылар корпусының діни жауапкершілік бойынша өз жұмысын бастағанына сілтеме жасап: «Сақшылар корпусы қырағылық және бастамашылдықпен дұшпандардың астыртын әрекеттерін залалсыздандырды»  деді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы кесенені қорғаушы шәһидтерді еске алып: «Бүгінде адамдар қасиетті кесенелерді қорғау үшін Ирак пен Сирияға барып, өз жандарын пида етуі олардың өз мектебінің жолы болып табылады» деді.

8 жыл Қасиетті қорғаныс кезіндегі мәжілістің 40 шәһидінің отбасы мен кесенені қорғаушы 5 шәһидтің отбасы ислам кеңесі мәжілісінің күзет бөлімшесінің шәһидтерін еске алудың екінші рәсіміне қатысты. Осы рәсімде ислам кеңесі мәжілісінің күзет бөлімшесі шәһидтерінің тұсау кесері болды.

 

 

Тегтер