Зариф: Батыс есірткі заттармен күрес мәселесінде жауапкершілікті мойнына алсын
(last modified Mon, 27 Feb 2017 15:23:43 GMT )
Ақп 27, 2017 21:23 Asia/Almaty
  • Зариф: Батыс есірткі заттармен күрес мәселесінде жауапкершілікті мойнына алсын

ИИР Сыртқы істер министрі: «Батыс Иранның есірткі заттар контрабандасымен күресуінің арқасында қол жеткізіп отырған қауіпсіздікке қатысты көбірек жауапкершілік пен шығынды қабылдауы керек» деді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда БҰҰ бас хатшысының орынбасары әрі осы ұйымның есірткі заттар мен қылмысқа тосқауыл қою бюросының атқарушы директоры Юрий Федотовты қабылдауда: «Батыстың есірткі заттар контрабандасының алдын алудағы сәтсіздігі маңызды мәселе болып табылады, бірақ есірткі заттармен күрес мәселесі саясиланбауы керек» деді.

Зариф Иранның есірткі заттар контрабандасының алдын алу үшін көп шығынға ұшырап отырғанына сілтеме жасап: «Ирандық жастар осы жолда өз жанын қиып отыр. Иранның адами және әлеуметтік мол шығындары өзге елдердің шығындарынан әлдеқайда көбірек» деді.

БҰҰ-ның есірткі заттар мен қылмысқа тосқауыл қою бюросының атқарушы директоры Юрий Федотов та Зарифпен кездесуде: «Әлем бойынша есірткі заттардың шамамен 75 пайызы Иранда анықталып тәркіленеді. БҰҰ Иранның есірткі заттар контрабандасымен күресте атқарып отырған маңызды рөліне алғыс айтады» деді.