Рухани: Ирандағы барлық ұлыстар мен мазхабтар бауырластықпен елдің дамуы үшін талпыныс жасайды
ИИР президенті: «Көптеген елдерде бөгделер алауыздық пен жікшілдікті таратып жатқан уақытта Иранда барлық ұлыстар мен мазхабтар бауырластықпен бір-бірінің жанында елдің дамуы үшін талпыныс жасап жатыр» деді.
Хасан Рухани Иранның оңтүстік-шығысында Заһедан халқы алдында Систан мен Балучистан облысы халқының бірлік, тілеулестік және тұтастығына алғыс білдіріп: «Бүгінде халық, үлемдер және тайпалардың еңбегімен қарулы күштердің жанкештілігінің арқасында Иранның дамуы үшін барша талпыныс жасап жатыр» деді.
Рухани Иран үкіметінің Систан мен Балучистан облысының көршілерімен, соның ішінде Пәкістан, Ауғанстан және Оманмен келіссөзде ізгі көршілестік, бауырластық және көршілікті басшылыққа алуға тырысқанына сілтеме жасап: «Иран мен оның барлық көршілері бауырластықпен күллі аймақтың дамуы үшін талпыныс жасауы керек» деді.
Ол сондай-ақ шығыс аймақтары мен Макран жағалауларын дамытудың Иран үкіметінің басты бағдарларына жататынын қуаттап: «Бүгін Чабахар айлағында жаңа айлақ орнатумен осы порттың әлеуеті екі жарым миллион тоннадан сегіз жарым миллион тоннаға жететін болады. Бұл Систан мен Балучистан облысы мен бүкіл аймақ үшін үлкен өзгерістің жасалатынын білдіреді» деді.
ИИР президенті бүгін Систан мен Балучистан облысында 55 инфрақұрылымдық, дамыту және экономикалық жобаны іске қосты.