Арақчи адам құқығы мәселесінде саяси ұстанымдардан тартынуды қуаттады
(last modified Wed, 01 Mar 2017 06:28:09 GMT )
Нау 01, 2017 12:28 Asia/Almaty
  • Арақчи адам құқығы мәселесінде саяси ұстанымдардан тартынуды қуаттады

Иран Сыртқы істер министрінің Құқық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары сейсенбі күні Женевада БҰҰ Адам құқығы кеңесінің отырысында адам құқығы мәселесінде саяси ұстанымдардан тартыну қажеттігін қуаттады.

Арақчи кейбір мемлекеттердің адам құқығы мәселесі мен БҰҰ Адам құқығы механизмдерін құрал ретінде пайдалануын сынап: «Адам құқығы кеңесі әлемдегі адам құқығы мәселесінің айыптайтын немесе қайшылықтар тудыратын мәселеге айналмас үшін  сындарлы келіссөздер арқылы оны алға ілгерту мақсатында ынтымақтастықтарды кеңейтуі керек»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрінің Құқық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары  исламдық Иранның ежелден келе жатқан өркениеті мен мәдениетіне тоқталып: «Иран әрқашан адам құқығын қолдап,  көп шара атқарды»,- деп қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары сондай-ақ Йемендегі адам құқығының бұзылуына сілтеме жасап: «Халықаралық қоғам Йеменнің жазықсыз қарапайым халқының, соның ішінде әйелдер мен балалардың бомбалардың астында қалып жатқандығына немқұрайдылық танытпауы қажет»,- деп, халықаралық қоғамнан Йемен халқының қырылуын тоқтатып, бұл қылмыстарды іске асырушыларды жауапқа тартуды талап етті. Ол сондай-ақ Палестинаның жағдайына тоқталып: «Израильдің Палестина жерлерін басып алуын және палестиналықтардың құқықтарын күнделікті бұзу әрекеттерін дереу доғару қажет»,- деді.