Иран Экономикалық ынтымақтастық ұйымын нығайтуды өзінің басты мәселелерінің бірі санайды
https://itolqyn.com/news/iran-i24786
ИИР Президенті Иранның Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) іргетасын қалаушыларының бірі ретінде аймақ халықтарының құқықтарын құрметтеп, ұйымның нығаюын өзінің басты мәселелерінің бірі санайтынын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 01, 2017 13:38 Asia/Almaty
  • Иран Экономикалық ынтымақтастық ұйымын нығайтуды өзінің басты мәселелерінің бірі санайды

ИИР Президенті Иранның Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) іргетасын қалаушыларының бірі ретінде аймақ халықтарының құқықтарын құрметтеп, ұйымның нығаюын өзінің басты мәселелерінің бірі санайтынын қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні  ЭЫҰ-на мүше елдер басшыларының 13-ші саммитіне арнаған жолдауында: «ЭЫҰ-на мүше елдердің бірнеше ғасырлық тарихи мұралары мен ортақ мәдениеті ЭЫҰ аймағының әлемде жан-жақты дамуы үшін жаңа мүмкіндік бола алады. Иран ЭЫҰ-ның реформасы бұл ұйымға мүше елдердің бақыты мен тұрмысын қамтамасыз ету мақсатын іске асыратын аймақтық кең ауқымды ынтымақтастықтарға себеп боладыд деп үміттенеді» деді.

Пәкістанда өтіп жатқан ЭЫҰ-на мүше елдер басшыларының 13-ші саммиті саяси өзгерістер және ұйымның бағдарламалары мен іс-әрекеттерін алға ілгерілету мәселелеріне қатысты пікір алмасу үшін мұрсатқа айналды.