Ердоған Ресейдің Қырымнан кері шегінуін талап етті
Түркия президенті Ресейдің Қырым түбегінен кері шегінуін талап етті.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Реджеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні кешке Анкарада Украина президенті Петр Порошенкомен өткізген ортақ баспасөз маслихатында Ресейді қатаң сынға алып, бұл елден Қырым түбегінен кері шегінуді және заңсыз қарулы топтарды қолдауын тоқтатуды талап етті.
Түркия президенті сонымен қатар Украинамен ынтымақтастықтарды арттыруды қуаттап, Түркия мен Украинаның сауда, әскери өнеркәсіп, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қарым-қатынастарының кеңейтілетінін айтты.
Украина президенті сәрсенбі күні жоғары дәрежелі делегацияны бастап, екі күндік ресми сапармен Анкараға барды. Порошенконы түркиялық әріптесі қарсы алды.