Велаяти: Иранның зымырандық бағдарламасы қорғаныстық сипатқа ие
(last modified Thu, 02 Mar 2017 12:55:47 GMT )
Нау 02, 2017 18:55 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иранның зымырандық бағдарламасы қорғаныстық сипатқа ие

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Иранның зымырандық бағдарламасының қорғаныстық сипатқа ие екендігін, елді қорғауды көздейтінін қуаттады.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти сәрсенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатта: «Иран ислам республикасы өзін қорғау үшін ешкімнен рұқсат сұрамайды. Иранның қорғаныстық бағдарламасының Америкаға қатысы жоқ. ИИР насихаттық қысымдарға бой бермейді. Анық мақсаттары бойынша кез- келген уақытта басқа да зымырандарын сынақтан өткізеді» деді.

Мәртебелі жетекшінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Американың жаңа президентінің әлем халықтары арасына жік салуды көздейтінін айтып: «ИИР психикалық және насихаттық теріс қысымдарға байланысты майданнан кетпейтінін, күннен күнге көбірек айбындылықпен қатысатынын көрсетті» деді.