Революцияның мәртебелі жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима Заһраны (ғ.с.) аза тұту рәсімі өтті
(last modified Sat, 04 Mar 2017 07:10:29 GMT )
Нау 04, 2017 13:10 Asia/Almaty
  • Революцияның мәртебелі жетекшісінің қатысуымен хазірет Фатима Заһраны (ғ.с.) аза тұту рәсімі өтті

Кеше, жұма күні кешке Ислам революцияcының мәртебелі жетекшісі аятолла Хаменеидің қатысуымен Хомейни атындағы хосейниеде Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) құрметті қызы хазірет Фатима Заһраны (с.ғ.) аза тұтуға арналған соңғы рәсім өтті.

Діни жетекшінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, рәсімге әртүрлі таптың мыңдаған өкілі мен Иранның бірқатар қайраткері қатысты. Аятолла сейіт Ахмад Хатами рәсімде сөйлеген сөзінде хазірет Фатеме Заһраның (ғ.с.) батылдық пен ағартушылық арқылы және адалдығымен өз міндетін орындауы мен дін мен елін қорғауын теңдессіз үлгі деп атап: "Иран ислам революциясы – халықтың өз міндетін орындаудағы жаппай қатысуының келесі бір мысалы. Ал революция мен діни құндылықтарды қорғауда да халық имамдардың анасы секілді көрегендікпен, қаупі-қатерлер мен кінәлаулардан қорықпай, өз міндеттерін атқаруы керек" деді.

Сонымен қатар, бұл рәсімде пайғамбар әулетінің мадақшылары имамдардың анасы хазірет Фатеме Заһраға (ғ.с.) жоқтау айтты. 

 

Тегтер