Рухани: Ирандық хиджапты әйелдердің спорт алаңына қатысуы мақтан тұтарлық
https://itolqyn.com/news/iran-i24886
ИИР президенті: «Ережелердегі тұрақтылық, түзу жоспар құру және экономикалық дұрыс әрекет халықты үміттендіреді. Оның бір бөлігі экономика, өзге бөлімі мәдениет, соңғы бөлімі өнер болып табылады» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 05, 2017 01:30 Asia/Almaty
  • Рухани: Ирандық хиджапты әйелдердің спорт алаңына қатысуы мақтан тұтарлық

ИИР президенті: «Ережелердегі тұрақтылық, түзу жоспар құру және экономикалық дұрыс әрекет халықты үміттендіреді. Оның бір бөлігі экономика, өзге бөлімі мәдениет, соңғы бөлімі өнер болып табылады» деді.

ИИР президенті Хасан Рухани сенбі күні таңертең 2016 жылғы олимпиада мен паралимпиада чемпиондары мен медаль иегерлерін марапаттау рәсімінде: «Иран өнері, киносы мен музыкасының әлемдік және аймақтық деңгейде жарқырауы Иран халқына үміт сыйлайды.

Иранның дипломатиялық аппаратының әлем деңгейіндегі дұрыс әрекеті мен оның астыртын әрекеттер мен санкцияларды жеңудегі жетістігі, халықтың құқығын тұрақтандыруы және Иран байланыстарының әлеммен әріптестік бағытына қойылуы Иран халқына келешекке үміт сыйлайды» деді.

Рухани қоғамның денсаулығы және спорт пен чемпиондық бөлімінде үміт ұялатуға сілтеме жасап: «Иранның чемпиондары қоғамға үміт пен сергектік сыйлайды. Олардың түрлі спорт саласында әлемдік сайыстардағы талпыныстарына көпшілік көз тігіп отыр» деді.

Иранның Атқарушы билігінің төрағасы ирандық хиджапты әйелдердің спорт алаңына қатысуының Иран халқы үшін үлкен мақтаныш екендігін баяндай келе: «Ирандық әйел талпыныстары мен күрестерін, хиджап пен инабаттылығы мен исламдық- ирандық мәдениетті әлем деңгейінде көрсетеді» деді.