Рухани: Иран мен Әзірбайжан республикасы стратегиялық байланыстарға ие
(last modified Sun, 05 Mar 2017 18:14:33 GMT )
Нау 06, 2017 00:14 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран мен Әзірбайжан республикасы стратегиялық байланыстарға ие

ИИР президенті Әзірбайжан республикасымен байланысты бауырластық және стратегиялық деп сипаттап: «Теһран-Бакудің қосжақты байланыстарының ілгерілеуі саяси байланыстар мен аймақтық, халықаралық және мәдени мәселелер тұрғысынан маңызды» деп бағалады.

Иран президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Иран мен Әзірбайжан республикасының жоғары деңгейлі делегацияларының отырысынан кейін қатысқан ақпара отырысында: «Иран мен Әзірбайжан республикасының сауда-саттық көлемінің өткен бірнеше айда ұлғаюы екі ел байланыстарының кеңеюін көрсетеді. Екі ел солтүстік пен оңтүстік транзитінде маңызды рөлге ие. «Астара-Астара» темір жолының қосылуымен осы негізде маңызды қадам жасалды» деді.

Рухани екі елдің Каспий теңізінде мұнай игеру негізіндегі келіссөздеріне сілтеме жасап: «Каспий теңізінің байлықтарын игеру негізінде екі елдің Мұнай министрлері келіссөздерді нәтижеге жеткенше жалғастырады.

Теһран-Баку аймақтық мәселелер мен лаңкестік тақырыбы жөнінде ортақ көзқарасқа ие. Уахабиттік-сәлафиттік идея аймақтағы үлкен қатер болып табылады. Аймақта осы лаңкестік идеяның тамырын мәңгілікке жою керек деп санайды» деді.

Иранның Атқарушы билігінің төрағасы сондай- ақ Иран мен Әзірбайжан республикасының Сирия мен Ирак мәселелері негізіндегі ортақ көзқарастарына тоқталып, Қарабақ мәселесінің де сұхбаттасу арқылы түбегейлі шешім жолына жетуіне үміт білдірді.

Әзірбайжан республикасының президенті Илхам Әлиев та ақпарат отырысында елінің Иранмен жақын қарым- қатынасын аймақ үшін сый деп атап: «Иран президентімен өткен үш жыл бойындағы түрлі кездесулер екі ел байланыстарының кеңеюін көрсетеді» деді.