Ғасеми: Бахрейн басшыларының уәждері негізсіз
https://itolqyn.com/news/iran-i24956
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы бахрейндік басшылардың Иранның Бахрейннің ішкі мәселелерімен қатысы туралы жаңа уәжін негізсіз деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 07, 2017 00:49 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Бахрейн басшыларының уәждері негізсіз

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы бахрейндік басшылардың Иранның Бахрейннің ішкі мәселелерімен қатысы туралы жаңа уәжін негізсіз деп атады.

Бахрейннің лаңкестік қылмыстар прокуратурасының төрағасы Ахмад әл- Хамади өткен сенбі күні 54 кісілік бір лаңкестік топтың анықталғанын мәлімдеді. Ол осы топтың 12 мүшесінің Иран мен Ирактан, бір кісінің Германиядан қосылғаны туралы уәж айтты.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні таңертең Бахрейн басшыларының жаңа уәждерін жоққа шығарып: «Бахрейн билеушілері өздерінің ішкі мәселелерін шеше алмай, өз азаматтарының азаматтық және бейбіт талаптарына қолайлы жауап беруде дәрменсіз болып, арагідік осы ел халқының наразылықтарын Иранға таңып отыр. Өз ісіне өзгені кінәлау өз халқымен қиыншылық туған кезде барлық басып-жаншушы жүйелердің ортақ тәсілі болып табылады. Бұл әдіс ешқашан дағдарыстарды шешуге көмектеспейді» деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрейн үкіметіне мансұқ болған тәсілдерге жүгіну және қауіпсіздік бағдар ұстанудың орнына өз халқына адал және әділ болу және ахлақтық қағидаларды ұстану жайында кеңес берді.