Ислам революциясының жетекшісі Ахмад Азизидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Нау 08, 2017 13:57 Asia/Almaty
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи революцияшыл ақын Ахмад Азизидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Ислам революциясының жетекшісі жолдауында: «Ұзаққа созылған науқастан қайтыс болған революцияшыл танымал ақын Ахмад Азизидің қазасына байланысты Иранның әдеби қоғамына, ақындар мен өнерпаздарға, әсіресе Керманшаһ облысының халқы мен 9 жылға созылған дерт кезінде оған қамқор болған жанұясына көңіл айтамын»,- деп жазды. Аятолла Хаменеи марқұм Ахмад Азизиге илаһи рақым, оның отбасына сабыр тіледі.
Ахмад Азизидің өлеңдері исламдық мистикамен араласқан. Ол Исламның ұлық пайғамбары мен пәк имамдарды мадақтады.
Тегтер