Ислам революциясының жетекшісі Ахмад Азизидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i24990-Ислам_революциясының_жетекшісі_Ахмад_Азизидің_қайтыс_болуына_байланысты_көңіл_айтты
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи революцияшыл ақын Ахмад Азизидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 08, 2017 13:57 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Ахмад Азизидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи революцияшыл ақын Ахмад Азизидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Ислам революциясының жетекшісі жолдауында: «Ұзаққа созылған науқастан қайтыс болған революцияшыл танымал ақын Ахмад Азизидің қазасына байланысты Иранның әдеби қоғамына, ақындар мен өнерпаздарға, әсіресе Керманшаһ облысының  халқы мен 9 жылға созылған дерт кезінде оған қамқор болған жанұясына көңіл айтамын»,- деп жазды. Аятолла Хаменеи марқұм Ахмад Азизиге илаһи рақым, оның отбасына сабыр тіледі.

Ахмад Азизидің өлеңдері исламдық мистикамен араласқан. Ол Исламның  ұлық пайғамбары мен пәк имамдарды мадақтады.