Рухани: Мұнай нарығынан Иран халқының үлесін қайтару халықтың құқығы болды
ИИР Президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының арқасында халықтың мұнай өндіріп, оны экспорттау құқығының қайтарылғанына тоқталып, мұнай нарығынан Иран халқының үлесін қайтарудың халықтың құқығы болғанын қуаттады.
ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Адвокаттар ассоцияциясының құрылуының 64-ші жылдығына қатысты рәсімнің ашылуында бүгінгі таңда Иранда 2016-шы жылмен салыстырғанда мұнайдың екі есе артық өндіріліп, экспортталуы туралы баяндап: «Мұнайдың бұл үлесі – Иран халқының құқығы. Үстемшілдер әділетсіз санкциялар салып, халықтың құқығын тартып алған болатын»,- деді.
Рухани мұнай саласындағы дипломатияның Ираннан басқа мұнай өндіруші елдердің барлығының мұнай өндіру мөлшерін азайтуға себеп болғанына тоқталып: «Иран бүгінде өз мұнайын сатып алуға ынта танытатын кез-келген елге экспорттай алады және мұнайдың ақшасын белгілі бір шарттар негізінде алуға мәжбүр емес. Экономикалық қарым-қатынас орнатуды өзі таңдау мүмкіндігі, Иран халқының ақшасын қайтару, әртүрлі елдерден тауарды еркін сатып алу, еркін тасымалдау, кеме қатынасы, мұнай-химиялық өнімдер экспорты және бағалы металдар импорты – мұның барлығы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының нәтижесі. ИИР-ның барлық басшысы – халықтың өкілдері. Олар халықтың тікелей немесе жанама дауыстары арқылы сайланған. Яғни, Иранның исламдық республика жүйесінің маңызды заңды негізі халықтың дауысы болып табылады»,- деп баса айтты.