Нау 08, 2017 14:35 Asia/Almaty
  • Джаһангири: Иран Еуроодақпен ынтымақтастығына шектеу қоймайды

Иранның Вице-президенті Теһранның Еуроодақпен ынтымақтастығына шектеу қоймайтынын қуаттап: «Иран мұндай ұстанымды Еуроодаққа мүше елдерден де күтеді»,- деді.

Иранның Вице-президенті Исхақ Джаһангири сейсенбі күні Словакия Премьер-министрінің инвестиция істері жөніндегі орынбасары Петер Пеллегринимен Теһрандағы кездесуінде: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы келісімі жасалғаннан бергі бір жылда Еуропадан Теһранға көптеген делегациялар келіп, жақсы келісімдерге қол қойылды»,- деді.

Джаһангири Иранның Экономика және қаржы министрлігі мен Словакия банкі арасындағы келісімді екі елдің экономикалық қарым-қатынастарын дамыту саласындағы маңызды қадам деп атап: «Экономикалық және сауда қарым-қатынастарын алға ілгерілету үшін банк мәселесін жылдам шешу қажет»,- деп қуаттады.

Словакия Премьер-министрінің инвестиция істері  жөніндегі орынбасары Петер Пеллегрини де Иран мен Словакияның тарихи қарым-қатынастарына тоқталып: «Словакия  Иранға достық көзқараспен қарап, Братислава экономикалық қарым-қатынастарын дамытуымен бірге Теһранмен екіжақты саяси қарым-қатынастарын да дамытуға дайын»,- деді. Ол Словакияның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдайтындығына тоқталып: «Словакия кез-келген мемлекетке санкция салуға қарсы болып, Иранға қарсы санкцияларды еш уақытта қолдаған емес»,- деді.

 

 

 

Тегтер