Иран президенті Италияда баспасөз конференциясын өткізді
(last modified Wed, 27 Jan 2016 14:44:05 GMT )
Қаң 27, 2016 20:44 Asia/Almaty
  • Иран президенті Италияда баспасөз конференциясын өткізді

ИИР президенті Иран мен еуропалық елдер арасында "ұтыс- ұтыс" қағидасы бойынша пайдалы экономикалық ынтымақтастықтар үшін жағдай жасалып отырғанын айтты.

ИИР президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні Италия астанасы Рим қаласында өткізген баспасөз конференциясында санкция кезеңін Иран мен Еуропалық Одақтың экономикалық байланысы үшін ұтылыс кезеңі болды деп атап: «Иранның Америкамен экономикалық байланысы болған жоқ. Бірақ басқа серіктестермен, соның ішінде Қытай және Ресеймен экономикалық ынтымақтастық санкция кезінде тоқтамаған жоқ. Осы арада Еуропалық Одақ көп зиян шекті» деді.

ИИР президенті Италияға сапарын ежелгі Рим мен ежелгі Иранның екі ірі өркениетінің бағзы заманнан мәдени және экономикалық байланысына байланысты еуропалық елдерге жасаған сапарының алғашқы қадамы деп бағалап: «Екі елдің жоғары деңгейлі делегациялары екі жақты сауда- саттық және экономикалық байланыстарды кеңейту туралы сұхбаттасумен қоса аймақтық және халықаралық маңызды мәселелер жөнінде де келіссөз жүргізді» деді.

Иранның Атқарушы билігінің төрағасы Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы текетірес туралы: «Сауд Арабиясы тарапынан текетірестің жалғасуы ақтауға келмейтін жайт. Ислам республикасы қарым- қатынаста текетірестің жалғасуын қаламайды. Сауд Арабиясының істеп отырған істерін, соның ішінде осы елдегі танымал рухани қайраткер шейх Нимр Бағер әл-Нимрді өлім жазасына кесуі, Йеменге әскери шабуыл жасауы, Ирак, Сирия және Ливанның ішкі істеріне араласуы Иранның көзқарасы тұрғысынан ақтауға келмейді.

Таяу Шығыс аймағының бүгінгі қиыншылығы ИСИМ тәрізді лаңкестердің болуы және Сауд Арабиясының Йеменмен соғысуы болып табылады. Осыларды тезірек тоқтату керек» деді.

Тегтер