Нау 11, 2017 13:44 Asia/Almaty
  • Иранның үштік аралға иелігі – теріске шығарылмайтын шындық

Иран СІМ-нің ақпарат өкілі Катарда өткен Араб елдері лигасына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері отырысының қорытынды мәлімдемесінде айтылған уәждерге реакция білдіріп, үштік аралға қатысты және Иранның араб елдерінің ішкі істеріне араласуы туралы уәждерін негізсіз деп атады.

Иран СІМ-нің ақпарат өкілі Бахрам Қасеми жұма күні Парсы шығанағындағы үш арал туралы бос уәждердің қайталануына реакция білдіріп: "Иранның Абу Мұса, Үлкен және Кіші Томб аралдарына иелігі – мәңгілік әрі теріске шығаруға келмейтін шындық. Ал жер-жердегі жалған уәждер бұл мәселеге нұқсан келтіре алмайды",- деп қуаттады.

Бахрам Қасеми Иранның араб елдерінің ішкі істеріне араласуы туралы жалған уәждердің қайталануына байланысты: "Иран ешқашан ешбір мемлекеттің ішкі ісіне араласқан емес. Мұндай айыптаулар кейбіреулердің өз елдеріндегі қиындықтардан бастарын алып қашу және өздері түскен батпақтан шығуы үшін жасап жатқан нәтижесіз талпыныстарына бола айтылуда.

Араб елдері лигасы негізсіз уәждерін қайталап, уақыттарын кетіріп, орынсыз шығын кетірудің орнына өздерінің қалыптасуының негізгі философиясы мен мақсаттарын қайта қарастырғаны жөн",- деді.

 

Тегтер