Қаз 02, 2024 18:12 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Аймақтағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолы – Американың зұлымдығын азайту

Имам Хаменеи Батыс Азия аймағындағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолы Американың зұлымдығын азайту деп санайды.

 

Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеи сәрсенбі күні жүздеген ғылыми дарындар және олимпиадалар жеңімпаздары мен Иран университеттеріне түсу емтихандарын үздік тапсырған студенттермен кездесуінде: "Аймақ проблемаларының негізі – бейбітшілік пен тыныштық туралы өтірік айтатын АҚШ пен кейбір Еуропа елдері сияқтылар. Тиісінше, аймақтағы қақтығыстар мен соғыстарды тоқтатудың бірден-бір жолы – бұл елдердің зұлымдығын азайту",- деп мәлімдеді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі Саддамның Иранға шабуыл жасауды итермелеуі мен ащы да қиын күндерді Америка мен Батыстың аймақтағы соғыс ашуының үлгісі деп тоқталып:

"Көрінісінің шыңы Арбаиннің ұлы шеруінде ерекше байқалатын Иран мен Ирак арасындағы қазіргі жақындығы айқын мысал. Бұл аймақтағы мәселелердің негізгі себебі – жалған бейбітшілікті талап етушілер екенін көрсетеді. Олардың зұлымдықтары Алланың көмегі мен Иран халқының үлкен күш-жігерімен және Ислам революциясының шабыты және басқа халықтардың ынтымақтастығы арқылы аймақтан азайтылуы керек",- деді.  

Имам Хаменеи осы кездесуде сондай-ақ дарындар мен оларды тәрбиелеу салаларын елдің ең маңызды байлықтарының бірі деп атап: «Дарынның ең маңызды көрсеткіші - IQ, ал Иран IQ бойынша әлемдегі жетекші елдердің бірі»,- деп айтты.

Ислам революциясының жетекшісі әлемдегі ғылымның қарқынды дамуына сілтеме жасап, дарындарды ғылыми өрлеу жолындағы жиһадқа шақырып: «Елге жаңа ғылыми өрлеу мен қозғалыс қажет, бұл элитаның міндеті",- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі жаңа ғылыми қозғалыс құруды таңдаулы топтардың жиһады деп бағалап, жаңа ғылыми қозғалыстың қарсыластар мен арам пиғылдылардан артықшылыққа әкелетініне тоқталып: «Газа халқы мен Бейрут маңындағы жаудың қолын қысқартып, халық пен жастардың жүрегін өртейтін өрттің алдын алуы ғылыми-техникалық артықшылықтың бір нәтижесі болмақ",- деді.

 

Тегтер