Airbus компаниясының екінші ұшағы Теһранға жеткізілді
Нау 11, 2017 13:49 Asia/Almaty
Iran Air әуе компаниясының француздық Airbus компаниясынан сатып алған екінші ұшағы Теһранға жеткізілді.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша, бұл 238 жолаушы тасымалдай алатын кең фюзеляжды әрі құрлықаралық Airbus 330 ұшағының 200-дік сериясының ішіндегі алғашқысы саналады.
Ұшақты табыстау рәсімі жұма күні Францияның Тулуза қаласындағы Airbus компаниясының орталығында өткен.
Осы жылдың наурыз айының орта шеніне дейін ұшақ құрастырушы франциялық Airbus компаниясы ирандық Iran Air әуе компаниясына екі ұшақ, ал Airbus компаниясының еншісіндегі франциялық-италялық бірлескен ATR компаниясы үш ұшақ тапсырады.
Тегтер