Теһран жұма намазының құтпалары
https://itolqyn.com/news/iran-i25098-Теһран_жұма_намазының_құтпалары
Теһран жұма намазының уақытша құтпагері Эскперттер кеңесінің маңызды міндетін имам Мәһдидің жасырын кезінде әлем мұсылмандары жетекшісінің ақиқаттарын анықтау деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 11, 2017 22:03 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының уақытша құтпагері Эскперттер кеңесінің маңызды міндетін имам Мәһдидің жасырын кезінде әлем мұсылмандары жетекшісінің ақиқаттарын анықтау деп атады.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани Теһран жұма намазы құтпаларында Эксперттер кеңесінің бесінші шақырылымының екінші отырысының өткізілуіне сілтеме жасап, Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде: "Эксперттер кеңесінің міндеті – вали фақиһті әділет, пайымдылық пен жоспарлауда, дұшпан мен әлемді тану бойынша анықтау.

Велаяте фақиһ мәселесі исламның шынайы мәдениетін жандандырып, дұшпанның шапқыншылықтарына қарсы тұрып, сылбырлық пен дұшпанның шабуылы мен қоқан-лоққыларына қарсы тосқауыл болады",- деді.

Аятолла Имами Кашани барша мұсылман үмбетінің пәк "Аһле бейт" мәдениетін құрметтейтіндігіне сілтеме жасап: "Бұл мәдениет кейбір сионистік режимнің сыбайлас мемлекеттерінен басқа барша мұсылман қауымдастығының құрметіне ие. Иран "Аһле бейт" мәдениетін мақтан тұтады.

"Аһле бейт" мәдениеті бүкіл әлемде таралып, палестиналықтардың сионистік режиммен, йемендіктердің Сауд әулеті режимімен, ал Ирак халқының ДАИШ лаңкестеріне қарсы күресуіне себеп болды",- деді.