Нау 12, 2017 14:59 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран халқының сайлауға жаппай қатысуы батыстықтарды келіссөздер үстеліне келуге мәжбүрледі

Иран Сыртқы істер министрі: «Иран халқының 2013 жылғы сайлауға жаппай қатысуы батыстықтарға өз мақсаттарына жетуде жеңіліс тапқанын көрсетті. Бұл шындық батыстықтарды келіссөздер үстеліне келуге мәжбүрледі»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні осы министрліктің жаңа сайтының ашылу рәсімінде халықтың сайлауға қатысу арқылы елдің егемендігі мен үкіметіне абырой мен айбын сыйлайтынын айтып: «Кейбіреулер Иранды 2013 жылғы сайлаудан кейін келіссөздер үстеліне келген екен деп ойлайды. Бірақ, шын мәнінде Батыс елдері, соның ішінде АҚШ санкциялардың Иран халқын биліктен алшақтата алмайтынын көргенде келіссөздерге кірісті. Иран халқының 73 пайызының 2013 жылғы сайлауға қатысуы Иран өкілдерінің әлемнің алты алпауыт елі алдында айбынмен сөйлеуге, келіссөздерде халықтың көзқарастары мен құқықтарын дәлелдеуге мұрсат берді.

Иран халқы 2017 жылғы сайлауда да дауыс беру учаскелеріне барып, әлем елдеріне діни демократияның қандай болатынын көрсетеді»,-деп мәлімдеді.

Иранда президенттік сайлаудың он екінші кезеңі мен қалалық және ауылдық кеңестерге сайлаудың бесінші кезеңі 2017 жылдың мамыр айының 19 күні өтеді.

 

 

Тегтер