Нау 14, 2017 07:43 Asia/Almaty
  • Жаһангири: Иран халқы қарсыласу мәдениетімен үстем жүйеге қарсы тұрады

ИИР президентінің бірінші орынбасары Иран халқының қарсыласу мәдениетімен үстем жүйеге қарсы тұратынын қуаттап: "Иран халқы өздерінің жетістіктерін сақтау үшін үстемшілдерге қарсы тұруды үйренген" деді.

 
ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири бүгін, дүйсенбі күні Теһранда соғыс ардагерлері кеңесшілерінің ұлттық форумында сөйлегенсөзінде Иран халқының өз армандары үшін жаны мен малынан баз кешетіндігіне сілтеме жасап: "Осы жанкештіліктің айқын үлгісі сегіз жыл қасиетті қорғаныс кезеңінде көрініс тапты.
Иран ислам революциясының әлемдік үстемшіл алпауыттарға  тәуелді зұлым билікті жеңудегі жеңісі әлем шиіттерінің үшін имамы имам Хосейннің жанкештілік және шәһид болу жолына иек арту арқылы жүзеге асты.
Егер бір ұлт өз армандары мен мақсаттарына берік болып қалуды қаласа, жанкештілік пен шәһидтік мәдениетін ұстануы керек" деді.
Жаһангири Иранның алдындағы кейбір маңызды түйткілдерге сілтеме жасап: "Ұлттық талап пен ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің жолнұсқауларына бағынбай түйткілдерден өту  мүмкін емес" деді.
Осы рәсімнің басында қасиетті қорғаныс кезіндегі екі шәһидтің перзенттері шәһидтер мен олардың аналары мен жұбайларын мадақтаған өлең айтты.

 

  

 

 

Тегтер